• Главная
  • Махамбеттік көп бала ана қайтарымсыз грант алып, кәсібін ашып отыр
19:00, 11 апреля 2023 г.

Махамбеттік көп бала ана қайтарымсыз грант алып, кәсібін ашып отыр

фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алға ауылының тұрғыны, көп балалы ана Гүлжанат Еркалиева қайтарымсыз грант алып, кәсібін ашып отыр, деп хабарлайды Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Г.Еркалиева 2019 жылы «Бизнес бастау» бағдарламасын оқып, мемлекеттен 505 мың теңге қайтарымсыз қаржы алып, өз кәсібін ашқан еді. Бүгінде төрт баланың анасы жолдасы Марал Дінғалиевпен бірге сұлулық салоны мен киім дүкенінің жұмысын дөңгелетіп отыр.

-Өзім Оралдың қызымын. 2013 жылы Махамбет ауданы, Алға ауылына келін болып түстім. Негізгі мамандығым дизайнер. Екі балам өмірге келгеннен кейін жұмыс жасағым келді. Бірақ балаларға қарайтын адам болмаған соң, жолдасым шағын кәсіп ашуға кеңес берді. Алғашында үйден ұсақ-түйек заттар сата бастадым. Кейін жолдасым екеуміз бірге «Бизнес бастау» бағдарламасы арқылы оқып, сертификат алдық. Өзімнің атыма мемлекеттен қайтарымсыз ақша алып, үйіміздің бір бөлмесінен сұлулық салонын аштық. Кейін шарбақтағы жерімізге шағын ғимарат салып алдық. Бір жағын сұлулық салоны, екінші жағын киім дүкені қылдық. Жолдасым шаш қияды, өзім қыз-келіншектердің тырнағын әрлеймін, деді Г.Еркалиева.

Оның айтуынша, еңбек етемін деген адамға мемлекет тарапынан қолдау бар. Тек ерінбей, қорықтпай жұмысты басау керек. Сондай-ақ ол болашақта жұмыс орнын кеңейту де жоспарда екенін жеткізді. 

Айта кетейік, бүгінде Махамбет ауданында 1910 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #грант
Объявления
live comments feed...