• Главная
  • Астрахань облысынан келген делегация «Caspain Royal Fish» бекіре өсіру фермасының жұмысымен танысты
11:00, 2 апреля 2023 г.

Астрахань облысынан келген делегация «Caspain Royal Fish» бекіре өсіру фермасының жұмысымен танысты

иллюстративное фото с сайта pixabay

иллюстративное фото с сайта pixabay

Бүгін Атырауға Ресей Федерациясының Астрахань облысынан жұмыс сапарымен делегация келді. Сапары аясында олар қаладағы Caspian Royal Fish бекіре зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Делегация құрамында Балық өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы министрлігінің Астрахань облысы бойынша балық және балық шаруашылығы басқармасының бастығы Александр Макухин, «Каспрыба» балық өндіру және балық өңдеу кәсіпорындары Одағы коммерциялық емес ұйымының президенті Андрей Маркин, «Шторм» ЖШҚ директоры Сергей Шульга, «Седой Каспий» ЖШҚ директоры Анна Селезнева бар.  

Делагация өндірістік кешен ғимаратында болып, бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру үдерісімен танысты. Сондай-ақ инкубациялық цех залын және балықты қысқы күтіп-ұстау залын көрді. Ферма Жайықтан су айдауды қажет етпейді, өйткені мұнда сүзгілері, компрессорлары мен арнайы жабдықтары бар тұйық сумен қамту жүйесі енгізілген. 

- Делегация сапарының мақсаты - экономикамыздың барлық салаларындағы ынтымақтастықты нығайту. Біздің өзара ынтымақтастығымыз – дәл осы салада Каспийдің ресурстарын сақтап қана қоймай, Атырау облысындағы және бізде бар технологияның көмегімен бірлесе балық қорын көбейту. Біз заманауи өз технологиямызбен бөлісуге дайынбыз,- деді РФ Балық өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы министрлігінің Астрахань облысы бойынша балық және балық шаруашылығы басқармасының бастығы Александр Макухин. 

Айта кетейік, «Caspian Royal Fish» бекіре фермасы 2014 жылы іске қосылған болатын. Аталған ферма бекіре тұқымдас уылдырық пен балық өндірумен айналысады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #бекіре фермасы
Объявления
live comments feed...