• Главная
  • Атыраулық оқушы ХII Наурыз кездесуінде үшінші орын иеленді
10:00, 30 марта 2023 г.

Атыраулық оқушы ХII Наурыз кездесуінде үшінші орын иеленді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атыраулық Расул Джолшмбеков ХII Наурыз кездесуінде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Астанада NIS-тің «Биомедицина, инженерия и технология» атты ХII Наурыз кездесуі өтті. Наурыз кездесулері – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының жалпы білім беретін мектептер мен Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының зерттеу қабілеттерін дамыту, оларды ғылымға тарту және білімін тереңдету мақсатында жыл сайын өткізілетін дәстүрлі іс-шарасы. Аталған кездесу 2011 жылдан бері өткізіліп келеді және заманауи ғылымның жаһандық басымдықтары ішіндегі ең өзекті тақырыптарға арналады. 

Кездесуге денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және үлкен деректерді енгізу жобаларымен табысты жұмыс істеп келе жатқан барлық Зияткерлік мектептердің жас ғалымдары жиналды. Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары 3D-биопринтингке, ақылды протездер мен биоинтерфейстерді жасауға және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналады. Атыраудан дәстүрлі наурыз кездесуге 5 оқушы қатысты. Оның екеуі Атыраудағы NIS оқушылары болса, үшеуі облыстағы тірек мектебі – Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сафон ауылындағы Қадыр Мырза Әли атындағы орта мектептің оқушылары. Ал NIS-тің 11 сынып оқушысы Расул Джолшмбеков Наурыз кездесуіне «Қазақстандағы көпфункционалды бионикалық қол протезінің бағасын екінші реттік пластик қалдығын қолдану арқылы арзандату» жобасын алып барған болатын.

- Бұл жұмыс арқылы мен екі үлкен мәселені шешуді ұсынамын. Ол күнделікті өмірде қоқысқа тасталып жатқан пластиктерді қайта өңдеу және 3D басып шығару технологиясын қолдана отырып, мұқтаж жандарға арналған бионикалық қолдар жасау,- деді Р.Джолшмбеков.

Ал, 9 сынып оқушысы Жанұя Жарас «Мүмкіндігі шектеулі адамдар пайдаланатын құрылғылар үшін баламалы энергия көзі» тақырыбындағы жобасын ұсынды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Наурызов кездесулері
Объявления
live comments feed...