• Главная
  • Биыл Атырау қаласында 300 орындық «Білім-инновация» лицейі салынады
10:00, 28 марта 2023 г.

Биыл Атырау қаласында 300 орындық «Білім-инновация» лицейі салынады

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырау қаласында 300 орындық «Білім-инновация» лицейін салу жоспарлануда. Бұл туралы облысы Білім беру басқармасының басшысы Гульнара Садуахасова баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Білім-инновация» лицейінің маңызды ерекшеліктерінің бірі — шет тілдерін оқытуда басымдық пен ерекше талап қоюуы. Сондықтан оқытуда әлемде озық деп танылған әдістермен бірге көрнекті құралдар, сондай-ақ басқа да оқу материалдары пайдаланылады.

- Әрбір өңірде «Білім-инновация» лицейіне сұраныс өте көп. Бұл жерде қыздар лицейі болсын, ұлдар лицейі болсын халықтың қызығушылығы жоғары. Өйткені, білім алып отырған балаларымыздың көрсеткіші жан-жақты. Яғни, білім жағынан сапа көрсеткіші жоғары болатын болса, бұл жердегі білім - тәрбиеге, тәрбие – құндылықтарға негізделген. Осыған байланысты біз «Білім-Иннновация» халықаралық қорына ұсыныс тастаған болатынбыз. Осы тұста олар біздің ұсынысымызды қабылдап, бізге қолдау көрсетуге өз келісімдерін берді. Себебі әр өңірде тек бір «Білім-Инновация» лицейі орналасқан. Ал бізде оған қызығушылық танытып отырған бала саны көп. Мысалы, былтыр 1447 қыз бала қыздар лицейіне тапсыруға ниет білдірген. Алайда алынған бала саны тек 62. Сондықтан тағы да «Білім-Инновация» лицейі ашылатын болса, нұр үстіне нұр болар еді. Сондай-ақ бұл мектеп-лицей тез арада ашылады деп күтудеміз. Өйткені бізде демеушілер тарапымен келіссөздер жүргізіліп жатыр және салынатын орын да белгілі. Бұл лицей - қыздар білім инновациялық лицейінің ауласынан салынатын болады, - деді Г.Садуахасова.   

Оның айтуынша, жыл сайын білім инновация лицейі түлектерінің 97 пайызы мемлекеттік гранттар мен несиелердің, сондай-ақ шетелдік жоғарғы оқу орындарының стипендияларының иегері болуда. Қазақстанның алдыңғы қатарлы білім ордаларымен бірге, түлектеріміз Түркияның, Еуропаның және Американың танымал университеттерінде оқып, өз елі мен білім инновация лицейлерінің мақтанышына айналуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #лицей
Объявления
live comments feed...