• Главная
  • Атырауда республикалық ғылыми-шығармашылық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі қортындыланды
14:00, 27 марта 2023 г.

Атырауда республикалық ғылыми-шығармашылық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі қортындыланды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Байқауға 49 оқушы қатысып, бақ сынады. Қатысушылар ережеге сәйкес 4 бағыт бойынша өз жұмыстарын қорғады.

-Байқаудың қорытындысына сәйкес I дәрежелі дипломмен 8 оқушы, II дәрежелі дипломмен 11 оқушы және III дәрежелі дипломмен 23 оқушы және алғыс хатпен 7 оқушы марапатталды. Байқау мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, сөз мәдениетін дамыту да басты міндетіміз,- деді Р.Сарбалин.

Айта кетейік, мұндай оқулар аталған орталықта жыл басынан бері бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #"Әбішев оқулары"
Объявления
live comments feed...