• Главная
  • Атыраулық оқушылар республикалық конкурстан 2 алтын, 1 күміс, 5 қоланы иемденді
14:00, 21 марта 2023 г.

Атыраулық оқушылар республикалық конкурстан 2 алтын, 1 күміс, 5 қоланы иемденді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақмола облысы, Щучье қаласында «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2-7-сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» Республикалық конкурсы өтті. Білім додасына еліміздің әр өңірінен 600-ге жуық окушы 490-ға жуық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын қорғап, өзара сынға түсті. Оқушылар тіл, тарих, медениет, медицина, технология, өнер саласына қатысты 12 секция бойынша зерттеу жұмыстарын қорғады.

-Аталған конкурсқа өңірден 19 оқушы облыс намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 1-орынды Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 6-сынып оқушылары Лира Байдильдаева мен Зере Саясат және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Балауса Габдилькаким иемденсе, 2-орынды Ломоносов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Мадина Галымжанова қанжығалады. Ал 3-орын Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 6-сынып оқушысы Ақдидар Қалау, Қ.Мырза-Әли атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Абилхайр Мухамедияр, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 2-сынып оқушысы Саян Лұқпан, Ж.Мырзағалиев атындары орта мектептің 6-сынып оқушысы Анель Ерболат, К.Абаханов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Дінмұхамед Қонайұлына бұйырды. Сондай-ақ №34 көпсалалы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Ильяс Ақжолұлы грамотамен марапатталды. Жүзден жүйрік атанып шыққан жас зерттеушілерімізді жүлделі орындарымен құттықтаймыз,- деді Р.Сарбалин.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #конкурс
Объявления
live comments feed...