• Главная
  • Құрманғазы ауданында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
10:00, 19 марта 2023 г.

Құрманғазы ауданында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округінде жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Наурыз  мерекесі қарсаңында ауыл тұрғындарына үлкен тарту болған Мәдениет үйінің ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Мурзиев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

-Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Осы мереке қарсаңында біз бүгін Жаңаталап ауылында жаңа мәдениет үйін іске қоспақпыз. Мұнда ауылдың түрлі мәдени іс-шаралары өтеді. 

Бұл нысан алдағы уақытта ауыл халқының рухани сұранысын қанағаттандырып, ұлттық өнерімізді ұлықтап және осы ауылдың өнерпаз жастарының жұлдызын жағатын, тек бір ауылдың ғана емес, тұтас ауданымыздың рухани өмірін өркендетуге септігі мол мәдениет ошағы боларына сенімдімін,- деді М.Мурзиев. 

Заманауи талаптарға сай бой көтерген бұл ғимаратта 300 орындық көрермен залы, кітапхана, үйірме, хореография залдары, дайындық, гримдеу бөлмелері, асхана, әдістемелік кабинеттер, касса, тағы басқа ауыл тұрғындарының мәдени демалысына қажетті мүмкіндіктер қарастырылған. 

Ғимараттың сыртқы қас беті Хиуаз Доспанова және Құрманғазы Сағырбаевтың фотосуреттерінен трафаретпен безендірілген. Сондай-ақ, мәдениет үйінің ауласы алдағы уақытта көгалдандырылып, балалар ойын алаңымен жабдықталатын болады. 

Еске сала кетсек, құрылыстың бас мердігері «Өмірзақ» ЖШС. Жұмыстар өткен жылы сәуір айында басталған. Ал мұнда 12 қызметкер еңбек етеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #мәдениет үйі
Объявления
live comments feed...