• Главная
  • Елімізде қызылша ауруын жұқтырғандар саны артуда
14:00, 15 марта

Елімізде қызылша ауруын жұқтырғандар саны артуда

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі.

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері елімізде қызылша жұқтырды деген күдікпен 56 науқас тіркелген. Оның жиырмасы зертханалық түрде расталған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облысынанда қызылшаға күдікті 4 жағдай тіркеліп, 2-еуі дәлелденген.

Соңғы рет облыста 4 жыл бұрын тіркелген дерттің қайта анықталғанына мамандар дабыл қағуда. Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінгі күні әлем елдерінде қызылшаның таралуының қаупі артып келеді. Бұған себеп COVID-19 пандемиясынан кейін қызылшаға қарсы вакцинациялау, осы инфекцияға эпидемиялық қадағалаудың төмендегені болып отыр. 

Сондықтан мамандар ата-аналарға міндетті түрде вакцина және ревакцина салуға шақыруда. Айта кетейік, вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста, ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #қызылша
Объявления
live comments feed...