
12:00, 11 марта 2023 г.
Атыраулық сурдодзюдошы Азия чемпионы атанды

фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атыраулық сурдодзюдошы Ерсін Болатов Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Наурыздың 5-6 күндері Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында сурдодзюдодан Азия чемпионаты өтті. Осы додада атыраулық Ерсін Болатов іріктеу кезеңінде өз тобындағы моңғол, корей спортшыларын жеңген. Ал, ақтық сында жапондық палуанды 8 секундта иппон әдісімен ұтқан.
- Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында сурдодзюдодан Азия чемпионатына қазақстандық спортшылар да қатысты. Бұл додада атыраулық сурдодзюдошы Ерсін Болатов 60 келі салмақта бақ сынап, Азия чемпионы атанып отыр,- деді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова.
Айта кетейік, Азия чемпионы атанған сурдодзюдош Миялы ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:04
15 сентября
17:50
15 сентября
18:11
14 сентября
11:46
14 сентября
19:00
11 сентября
Объявления
11:32, 10 сентября
14:12, 3 сентября
15
11:07, 14 сентября
12
09:50, 1 августа