
14:00, 10 марта 2023 г.
Еріген қар суын айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде

фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ауа-райының күрт жылынуына байланысты еріген қар суының жиналуы бойынша көптеген шақыртулар түскен болатын, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атап айтқанда Индер ауданы Жарсуат ауылы, Елтай ауылы, Өрлік ауылының көшелерінде тереңдігі 60 см болатын жаңбыр және еріген қар суларын арнайы су сору техникасымен айдап, ауыл сыртына шығару жұмыстарын жүргізілді.
2023 жылғы 6-8 наурыз аралығында (3 тәулік ішінде) Атырау облысының Индер ауданында 6710 м3 су сорылды.
Индер ауданында еріген қар суын шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды.
Қызылқоға ауданы Миялы ауылында көшелердің бірінде орналасқан екі үйдің аулаларынан 6-8 наурыз аралығында (3 тәулік ішінде) 10 000 м3 қар суы шығарылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Қызылқоға ауданында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 21 қызметкер, 3 бірлік техника мен 1 бірлік мотопомпа; жергілікті атқарушы органдардан 55 қызметкер және 9 бірлік техника; «ҚайнарМұнайГаз» АҚ 3 адам, 3 бірлік техника, 5 мотопомпа жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:30, 9 июня
15
12:46, Вчера
11:30, 9 июня
live comments feed...