
15:00, 9 марта 2023 г.
Қызылқоға ауданында судан құтқару жұмыстары жүргізілуде

фото: облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
2023 жылғы 6 наурыздан 7 наурызға қараған түні нөсерлете жауған жаңбыр мен еріген қардың салдарынан Миялы ауылдық округінде судың деңгейі көтеріліп, ауылішілік су басу қаупі туындаған.
- Осыған байланысты Қызылқоға ауданы әкімдігі тарапынан жедел жұмыстар ұйымдастырылып, бірінші кезекте су басқан үйлерді құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Миялы ауылында 4 вакуум, 6 мотопомпа, 5 Камаз автокөлігі, 2 тиегіш техника және басқа да арнайы құралдар қалтқысыз қызмет етуде,- деді Қ.Әзмұханов.
Сондай-ақ оның айтуынша, Сағыз ауылының ішімен өтетін Ноғайты өзені өз арнасына толған. Оған да кеше және түнімен жауған жауын себеп болып отыр. Өзен жағалауын қалыпқа келтіру үшін 80-нен астам азамат жұмылдырылған. Қазіргі уақытта Ноғайты өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Ал Сағыз өзенінде ағыс бәсеңдеген.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
09:33
Вчера
16:45
21 октября
10:56
21 октября
11:29
20 октября
12:00
19 октября
18:05
16 октября
Объявления
00:00, 1 октября
12:06, 19 октября
15
05:50, 1 октября
09:50, 1 августа