
10:00, 3 марта 2023 г.
Атырау қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ойын бөлмесі ашылды

рixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет
Балаларға арналған бөлме «Болашақ-Атырау» ЖШС-нің қолдауымен қайта жаңғыртылып, қажетті жабдықтармен толыққан. Бұл туралы орталық директоры Анар Маратова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Бүгін балалар үшін қуанышты күн. Себебі, көптен күткен ойын бөлмесі қайта жаңғыртылып, бүгін салтанатты түрде ашылды. Бұл ретте «Болашақ-Атырау» компаниясына алғыс білдіреміз. Компания демеушілігімен бөлме іші шкаф, үстел, жұмсақ жиһаздар, бизиборд, логикалық, дидактикалық көрнекі құралдар, кілемдер және техникалық құралдар мен музыкалық аппараттармен жабдықталды, деді А.Маратова.
Салтанатты іс-шараға облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов арнайы қатысып, демеушілік жасаған жергілікті компания өкілдеріне алғыс білдірді.
Сондай-ақ, аталған іс-шараға Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы және «Новруз» этномәдени орталығының басшылары қатысты.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:00
11 сентября
11:07
10 сентября
10:43
10 сентября
16:14
8 сентября
10:38
8 сентября
Объявления
09:50, 1 августа
14:12, 3 сентября
15
14:12, 3 сентября
53
11:32, 10 сентября