• Главная
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен шағын футболдан біріншілік ұйымдастырылды
18:00, 1 марта

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен шағын футболдан біріншілік ұйымдастырылды

фото: ҚР ҰҚК

фото: ҚР ҰҚК

Үстіміздегі жылдың 22-24 ақпаны аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні 22-Наурыз мерекесіне арналған кіші аяқ добы спорттық біріншілігі мемлекеттік, құқық қорғау органдары және қарулы күштер арасында өткізілді.

Біріншіліктің салтанатты ашылу рәсімінде Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ермуханов Нұржан Мақсотұлы және Облыстық Сот Төрағасы Жұмағұлов Бауыржан Тұрсынұлы сөз сөйлеп, біріншілікке қатысушы топтарға сәттілік тілеп, осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен шағын футболдан біріншілік ұйымдастырылды, фото-1, фото: ҚР ҰҚК

фото: ҚР ҰҚК

Біріншілікте ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті Жағалау күзетінің 3 дивизионы, Атырау облыстық Әкімшілігі, Атырау облысы Полиция Департаменті, Атырау облыстық Прокуратурасы, Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, Атырау облыстық Соты, ІІМ Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті, ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі, ІІМ Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ІІМ Ұлттық Ұлан №5546 әскери бөлімі, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚМ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы мекемелерінен құралған 16 топ қатысты. 

Іс-шараның мақсаты – жастарды спортпен белсенді айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен шағын футболдан біріншілік ұйымдастырылды, фото-2, фото: ҚР ҰҚК

фото: ҚР ҰҚК

Біріншілік нәтижерлері бойынша:

1 орынды-Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті

2 орынды-ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті

3 орынды- Атырау облысы Полиция Департаментінің «Динамо» тобы иеленді. 

Біріншіліктіктің салтанатты жабылу рәсімінде мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшылары жүлделі орындарға ие болған топтарға бағалы сыйлықтар, грамоталар мен кубоктарды табыс етті. 

Қатысқан топтар тарапынан ұйымдастырылған біріншілік оң қабылданып, осындай іс-шараларға алдағы уақытта қатысуға ниетті екендерін білдірді.   

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #футбол
Объявления
live comments feed...