
16:00, 1 марта 2023 г.
Атырауда «Қазақстан халқына» қоры арқылы 4 науқас қымбат дәрімен қамтамасыз етілді

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Үш балаға облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруы арқылы болса, бір науқас «Қазақстан халқына» қорына өзі көмекпен жүгінген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
2022 жылдың сәуір айында Атырау облысынан «Берардинелли Сейптің жалпыланған липодистрофиясы» диагнозымен екі бала «Метрелептин» дәрілік затымен қамтылды. Дәрінің жалпы бағасы - 201 млн теңге.
Сонымен қатар, қараша айында «Дюшенді бұлшықет дистрофиясы»
диагнозымен 18 жасқа толмаған науқас 179 млн теңге тұратын «Касимерсен» дәрілік затымен қамтылды.
Атырау қаласынан «Қазақстан халқына» қорына өзі көмекпен жүгінген онкологиялық есепте тұрған науқасқа өткен жылдың мамыр айында «Рибоциклиб» дәрілік затымен қамтылғандығын жеткізеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:30, 9 июня
53
11:30, 9 июня
15
12:46, Вчера
11:30, 9 июня
live comments feed...