
11:00, 28 февраля 2023 г.
Атырауда еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде

фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау қаласында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала бойынша 9 мың 900 метр куб су сорылған. Бұл туралы «Арнаулы Автобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Кеше сағат 12.30-дан бастап, қала көшелері бойындағы еріген қар суларын арнайы су сору техникасымен қала сыртына шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы техникалар арқылы су сору жұмыстары күні-түні жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта Азаттық, Чайковский, Гагарин, Жамбыл, С.Датов, Б.Қаленов көшелеріндегі су сорылды. Дегенмен, алдағы уақытта еріген қар суының қайтадан жиналуына байланысты тазаланған көшелер қайталап тазалануы да мүмкін,- деді А.Ізтілеуов.
Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау қаласынан жалпы 83 730 текше метр қар шығарылып, 580 реагент себілген. Жалпы 25 вакуум жұмыс жасауда.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:20
Вчера
10:52
Вчера
17:32
30 декабря 2025 г.
16:13
30 декабря 2025 г.
15:00
30 декабря 2025 г.
Объявления
10:07, 29 декабря 2025 г.
12
10:53, 23 декабря 2025 г.
53
10:53, 23 декабря 2025 г.
22
17:05, 21 декабря 2025 г.