
16:00, 22 февраля 2023 г.
Осы жылы өңірде сауда саласында жүзеге асырылатын инвестиция көлемі 23,1 млрд. теңгені құрайды

фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Атырау облысы Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өткен жылы облыста сауда саласында 6,4 млрд. теңгені құрайтын 46 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Ал биыл 293 млн. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізіліп, жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланып отыр.
- Атырау облысы бойынша сауда саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылы 19,4 млрд. теңгені құрап, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45%-ға артып отыр. Оның ішінде өткен жылы аймақта сауда саласында 6,4 млрд. теңгені құрайтын 46 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Былтыр облыста сауда саласы бойынша Bmail сауда ойын-сауық орталығы, SK Family, Анна сауда үйлері, Мақат ауданында Нефтек жанар-жағармай орталығы және т.б. жұмыс орындары ашылды,- деді Н.Жаңабеков.
Сондай-ақ ол осы жылы сауда саласында жүзеге асырылатын инвестиция көлемі 23,1 млрд. теңгені құрайтынын және 340 жаңа жұмыс орны құрылатынын атап өтті.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:23
Вчера
Объявления
13:56, 30 января
15
10:27, 3 февраля
12
live comments feed...