
10:00, 16 февраля 2023 г.
Атырауда волейболдан ерлер арасында республикалық Ұлттық лига ойыны өтуде

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Жайық спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары өтуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жалпы лига 4 кезеңнен тұрады. Соңғы төртінші кезең Атырау қаласында өтуде. Ұлттық лиганың құрамында 8 команда бар. Олар Алматы, Павлодар, Тараз, Көкшетау және Атырау қалаларының спортшылары. Чемпионатқа 112 спортшы қатысуда.
-Бүгінгі жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Команда бұл ойынға 3 ай көлемінде дайындалды. Жеңіске жеткен команда Павлодар қаласында 30 наурыз - 7 сәуір аралағында өтетін «плей-офф» ойынына жолдама алады. Бұл ойыннан кейін біз мамыр айында Бахрейн елінде өтетін клуб аралық Азия чемпионатына дайындығымызды бастаймыз,- деді «Атырау» волейбол клубының менеджері Дастан Нургазиев.
Айта кетейік, аталған дода 22 ақпанға дейін болады. Еске салайық, «Атырау» волейбол клубы – Ұлттық лига, Қазақстан Республикасы Кубогының және Суперкубок иегері.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:18
Вчера
17:55
12 февраля
16:20
12 февраля
Объявления
12:13, Вчера
12:13, Вчера
53
12:13, Вчера
15
10:27, 3 февраля
12
live comments feed...