
12:00, 10 февраля 2023 г.
Еңбек дауларын шешу мақсатында 337 жұмысшының жалақы берешектері өтелді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Бұл туралы Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Былтыр еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету бағыттында 12 мекемеге «Сенім» сертификаты беріліп, 122 ұйымдар мен кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде өндірістік кеңестер құрылған.
-Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басқарма «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және кәсіподақтар орталығымен бірлесіп жасақтаған «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, кәсіптік аурулардың профилактикасы» жоспары негізінде бірлесе жұмыстар жүргізіп, зиянды жұмыс орындарын төмендету үшін еңбек жағдайлары бойынша 245 өндірістік нысан аттестатталды. Облыс аумағында 30 кәсіпорынмен «Нөлдік жарақат Vizion Zero» меморандумы жасалып, «Халықты бақылау жобасымен» 6 ірі кәсіпорын жұмыс жасап жатыр,- деді И.Әубәкіров.
Оның айтуынша, комиссия отырысында қаралған еңбек дауларын шешу мақсатында қабылданған тиісті шаралардың нәтижесінде 23 еңбек мәселесі, оның ішінде облыстың 14 кәсіпорнында еңбекақы көтеру, сондай-ақ, 26 кәсіпорыннан 337 жұмысшының 59,4 млн теңге жалақы берешектерін төлету мәселесі шешімін тапқан.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
10:52, Сегодня
12
12:13, 13 февраля
12:13, 13 февраля
15
12:13, 13 февраля
53
live comments feed...