
12:00, 9 февраля 2023 г.
Атырауда қала маңындағы бес бағыт бойынша автобустың қозғалысы уақытша тоқтатылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын кейбір автобустар уақытша тоқтатылған, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
«Smart Atyrau» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Болат Халидолланың айтуынша, қала маңына қатынайтын №50, 54, 55, 58, 64 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Ал басқа бағыттағы автобустар жолаушыларды күнделікті тәртіп бойынша тасымалдауды жалғастыруда. Сондай-ақ кеше кешке қала маңына жолаушыларды тасымалдайтын №50, 52, 53, 54, 55, 56, 58, 58А, 59, 62, 64, автобустары қозғалысты уақытша тоқтатты. Бұлардың ішінде №52, 53, 56, 58А, 59, 62 автобустар бүгін жұмыстарын қайта жалғастырып отыр.
Айта кетейік, өңірде 5 автотұрақтан 31 бағыт бойынша 200 автобус қызмет көрсетеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
13:56, 30 января
15
13:56, 30 января
53
10:27, 3 февраля
12
13:56, 30 января
live comments feed...