• Главная
  • Назар аударыңыз! Қоғамдық көліктерге жол жабық!
18:00, 8 февраля 2023 г.

Назар аударыңыз! Қоғамдық көліктерге жол жабық!

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

7 ақпан күні сағат 15:30-дан бастап «ҚазАвтоЖол» АҚ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ) Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының жабылуы туралы, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды: 

• Республикалық маңызы бар А-33 "Доссор-Бейнеу-Ақтау" 0 км-210 км аралығында (Доссор поселкесінен Маңғыстау облысының шекарасына дейін) қоғамдық көліктер үшін жол жабылды.

• Республикалық маңызы бар А-27 «Ақтобе-Атырау–Астрахань» 330 км-512км, 512км-598 км аралығында (Атырау қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) қоғамдық көліктер үшін жол жабылды.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті алыс жолға шықпауға және 112 қызметі жіберетін СМС хабарламаларды ескеруге шақырады. Абай болыңыздар!

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Жолды жабу
Объявления
live comments feed...