• Главная
  • Атырау облысындағы Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынуда
12:00, 8 февраля 2023 г.

Атырау облысындағы Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынуда

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бұл туралы Атырау  облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысының міндетін атқарушы Ризабек Мусагалиев  мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Қашаған кен орнында ілеспе газ өңдеу зауытын 2025 жылы Атырау облысының Мақат ауданында, дәлірек айтқанда «Болашақ» мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысынан солтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым жерде және Ескене темір жол станциясынан оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде іске қосу көзделген. Жобалық қуаттылығы — жылына тауарлы газ 719 млн текше метр, техникалық пропан – бутан 114 мың тонна, газды конденсат 14 мың тонна, түйіршіктелген күкірт 204 мың тонна. Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес жобаның құны 500 млрд теңге.

-Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салудың мақсаты – Қазақстанның тауарлық газ өндірудің ресурстық базасын ұлғайту және нарықты реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу. Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыру және газдың жерастына кері айдау көлемін азайту да басты мақсаттарының бірі. Жобаны іске асыру әлеуметтік-экономикалық ортаға оң әсерін тигізеді. Яғни құрылыс кезеңінде қосымша жұмыс орындары іске қосылады, құрылыс және пайдалану кезеңінде мемлекеттік бюджетке салық төлемдері ұлғаяды. Зауыт қосылғаннан кейiн NCOC компаниясының мұнай өндіру қуаттылығы тәулiгiне 425 000-нан 450 000 баррелге дейiн артады. Бұл жоба нормативтік экологиялық, санитариялық-гигиеналық, өртке қарсы қорғау құжаттарының және Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын басқа да нормалардың талаптарына сәйкес келеді және өнімнің адамдардың өмірі, денсаулығы, мүлік және қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етеді,- деді Р.Мусагалиев.  

Айта кетейік, зауыт іске қосылғаннан кейн 600 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Зауыттан тауарлы газ, техникалық пропан – бутан, газды конденсат, түйіршіктелген күкірт, композит шығарылатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #зауыт
Объявления
live comments feed...