• Главная
  • Атыраулық дәрігерлер көмек көрсету мақсатында Түркияға барады
10:00, 8 февраля 2023 г.

Атыраулық дәрігерлер көмек көрсету мақсатында Түркияға барады

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Осы тапсырмаға сәйкес еліміз бойынша Түркияға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер бригадасын құру тобының құрамына Атырау облыстық ауруханасының жоғары және бірінші категориялы 4 маманының тізімі жіберілді.  (хирург, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, терапевт). 

Бүгінгі күні дәрігерлердің тізімі Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді. Дәрігерлерді Түркияға жіберу, қаржыландыру мәселесін Үкімет белгілейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #дәрігерлер
Объявления
live comments feed...