• Главная
  • Атырау қаласындағы Өркен ықшам ауданында 250 орындық жаңа емхана салынбақ
16:00, 4 февраля 2023 г.

Атырау қаласындағы Өркен ықшам ауданында 250 орындық жаңа емхана салынбақ

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген  Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Емхана науқастарға білікті медициналық көмек көрсетуге арналған. Мұнда медициналық көмек көрсету ауруларды тексеру және диагностикалау, маман дәрігерлердің консультациясы және халықты сауықтыру бойынша профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылады. Емхананың жобасында 3 жер үсті қабаты және жертөле қарастырылған. Үш қабатты ғимарат П-тәрізді үш блоктан тұрады. 

-Қазіргі таңда нысанның құрылысын қаржыландыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бюджеттік өтiнiм жолданды. Жобалаушы мекеме – «Астана-Проджект» ЖШС. Жалпы сметалық құны 3520,618 млн теңге. Жер телімінің көлемі 1 гектар. Ғимараттың жалпы ауданы 4709, жалпы құрылыс көлемі 24650 шаршы метрді құрайды. Құрылымы бойынша келесі функционалдық топтарға бөлінген. Яғни келушілерге арналған бөлмелер, жалпы дәрігерлік практика бөлімшесі, күндізгі стационар, оңалту бөлімшесі, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі бар. Сондай-ақ, консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі, зертхана, биохимиялық топ, функционалды диагностика, сәулелік диагностика, орталық зарарсыздандыру, әкімшілік-тұрмыстық, қызметтік және шаруашылық үй-жайлар мен кір жуу бөлмелері қарастырылған. Емхана іске қосылған соң, 72 қызметкерді жұмыспен қамту жоспарлануда,- деді Н.Құсайынов.

Айта кетейік, емханаға Жұмыскер 1 және 2,  Өркен, Рембаза  ықшам аудандарының тұрғындары емделе алады. Яғни аталған ықшам аудандардың тұрғындары осы емханаға жүгінеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #емхана
Объявления
live comments feed...