• Главная
  • Атырау университетің 560 студенті жатақханаларға орналастырылды
10:00, 4 февраля 2023 г.

Атырау университетің 560 студенті жатақханаларға орналастырылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бұл туралы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраудағы Х.Досмұхамедов атындағы университеттің  бес қабатты №2 жатақханасының бірініші қабатының қабырғасынан ақаудың пайда болғаны анықталып, жатақханадағы 560 студент басқа оқу орнының жатақханаларына орналастырылды.

- Жатақханадағы ақауды байқаған бойда мемлекеттік сатып алу порталы арқылы техникалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге конкурс жарияладық. Конкурс нәтижесі бойынша жеңіп алған арнайы мердігер мекеме ақаулықты ағымдық жөндеу жұмыстарымен жоюға болатыны туралы қорытынды берді. Университет тарапынан сараптамаға сәйкес, 2023 жылдың даму жоспарына аталған жөндеу жұмыстарын жүргізу қызметі енгізілген болатын. Алайда, қазіргі уақытта жоғарыда аталған ақаудың ұлғаюына байланысты студенттердің қауіпсіздігі үшін университет Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хат жолдап, сараптама жасауға көмек сұрады. Сараптамаға сай ғимаратқа күрделі жөндеу қажеттілігі анықталып, жатақхана студенттерін басқа орындарға орналастырылды,- деді С.Идрисов.

Қазіргі сәтте 560 студент басқа жатақханаларға және бірқатары өз қалауларымен пәтерлерге орналасқан. Олардың басым көпшілігі APEC колледжінің, Инженерлік-гуманитарлық институтының, Мұнай және газ университитетінің және Х.Досмұхамедов атындағы университеттің басқа жатақханаларынан орын алып отыр. Олар орналасқан жерлерінде оқу жылы аяқталғанға дейін тұрады. Сондай-ақ университет ректорының айтуынша, ескі жатақханадан көшірілген студенттердің төлем ақылары кері қайтарылып, жол ақылары тегін болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жатақханалар
Объявления
live comments feed...