• Главная
  • Қоғам қайраткері Елена Тарасенко өңіріміздегі әйелдер істері және демографиялық мәселелерге қатысты атқарылып жатқан істермен танысты
16:00, 3 февраля 2023 г.

Қоғам қайраткері Елена Тарасенко өңіріміздегі әйелдер істері және демографиялық мәселелерге қатысты атқарылып жатқан істермен танысты

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырау облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы Әйелдер істері және Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері Елена Тарасенкомен жиын өткізілді, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жиынға облыстық комиссия мүшелері, басқарма басшылары, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, комиссия хатшылары, әкелер, аналар кеңесінің төрағалары және онлайн аудандық комиссия мүшелері қатысты.

- Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын басшылыққа алады. Аталған тұжырымдама бойынша облыс көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылды, орындалысы бойынша ақпарат тиісті органдарға жолданып отыр. Облысымызда  әйелдер мен балалардың әлеуметтік-экономикалық қорғалуы басты назарда болады. Өйткені ана мен баланың денсаулығын күту, отбасылық  құндылықтар мен тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Осы бағытта өңірде әр түрлі деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылып, проблемалық мәселелерді шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіледі,- деді Ж.Бисембиев.

Қоғам қайраткері Елена Тарасенко өңіріміздегі әйелдер істері және демографиялық мәселелерге қатысты атқа..., фото-1, фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Жиын барысында Елена Тарасенко отбасылық-демографиялық саясаттың маңыздылығына тоқталып, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының іске асырылуы бойынша ағымдағы жағдайды және осы саланың өзекті мәселелерімен танысты. Және осы бағытта мониторинг бойынша берілген тапсырмаларға сәйкес 12 нысанда болып, жұмыс барысын көзбен көрді.

-Жастардың қоғамдық жұмыстарға араласу белсенділігі жоғары. Облыста мұндай жастарымыз көп екенін көріп қуанып отырмын. Әр салада іскер және табысты әйелдер қатары көбейіп келеді. Дегенмен облыстағы медицина саласына қолдау қажет дер едім. Мәселен мамандардың еңбекақысы жоғары болғанымен, біліктілігін көтеру жағы ақсап жатыр. Мұғалімдер үнемі біліктілігін жетілдіріп отырса, сондай-ақ медицина қызметкерлерін де біліктілігін арттырып отыруға мемлекеттен қолдау көрсетілсе дұрыс болады. Сосын барлық аудандарда отбасын қолдау орталықтары ашылса құптарлық жағдай. Ал осы мәселелер енді жоғары жаққа жеткізілетін болады,- деді Е.Тарасенко.

Жиын соңында Елена Тарасенко гендерлік саясатты жүзеге асыруда еліміз біраз жетістікке қол жеткізгенін айтып, облыстық комиссияның жұмысына оң баға берді. Сондай-ақ, келелі жиында 19 наурызда өтетін сайлау туралы айтылып, оған  белсенді қатысуға шақырды.

Айта кетейк, өңірде облыс, қала, аудан әкімдері жанында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар жұмыс жасайды. Оның құрамында бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың беделді өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар басшылары мен мәслихат депутаттары, аналар, әкелер кеңестерінің мүшелері бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #отбасылық-демографиялық саясат
Объявления
live comments feed...