• Главная
  • Биылдан бастап жеңілдікпен микрокредит беру тетігі іске қосылады
10:00, 2 февраля 2023 г.

Биылдан бастап жеңілдікпен микрокредит беру тетігі іске қосылады

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы облыстық Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшы Гүлболат Аманғалиева Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз брифингінде мәлім етті. 

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру тетігі іске қосылады. Аталған несиеге өтініш осы жылдың наурыз айынан басталады. 

-Микрокредит мерзімі 5 жыл, ал ауыл шаруашылығы үшін 7 жыл. Несиенің ең жоғарғы соммасы 5 миллион теңгені құрайды. Несиеге берілетін сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды. Алайда, несие алу үшін кепілмен қамтамасыз ету шарт,- деді Г.Аманғалиева.

Айта кетейік, несие беру сенімді өкіл арқылы жүзеге асырылады. Сенімді өкіл өз кезегінде жас кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштерді іріктеп, арнайы комиссия құрамына ұсынатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #шағын несиелеу
Объявления
live comments feed...