• Главная
  • Сағыз ауылынан тұрғын үй салу үшін жер беріледі
14:00, 25 января 2023 г.

Сағыз ауылынан тұрғын үй салу үшін жер беріледі

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қызылқоға ауданының Сағыз ауылынан тұрғын үй салу үшін жер беріледі, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда ауыл тұрғындардың басты мәселесінің бірі - тұрғын үй  салуға жер алу. Бұл бағытта ауданда ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Соның бір айғағы – Сағыз ауылынан 225 жер теліміне инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жұмыстары аяқталып отыр. 

Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, бүгінде Сағыз ауылдық округінің әкімі тарапынан кезектілік бойынша құжаттарды жинау жұмыстары жүргізілуде. 225 жер телімі газ, су, электр желілерімен толық қамтылған. Ал аталған жер телімдерін осы  жылдың ақпан айында беру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Сағыз ауылында 7 мыңнан астам тұрғын болса, бүгінде 810 азамат жер кезегінде тұр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жер учаскелері
Объявления
live comments feed...