10:00, 25 января 2023 г.
Республикалық маңызы бар жолдарда проекциялық жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылуда
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының инженері Мерей Телеугалиев былтыр 1594 жол белгісі тексерілгенін мәлім етті, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Республикалық жолдарда жол-көлік апаттарының алдын алу мақсатында заманауи жаяу жүргінші өткелі белгісін орнату қолға алынған. Әзірге проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық жолының 846-шы шақырымына, Құрманғазы ауданының және А-33 «Доссор-Құлсары-Ақтау» республикалық тас жолының 179-шы шақырымына, Майкөмген елді мекені тұсына орнатылған.
Проекциялық жол белгісі қар, жаңбыр, көктайғақ болса да, яғни жылдың төрт мезгілінде анық көрінеді. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер түнгі уақытта да жолдағы ақ-сары жолақты 150 метр қашықтықтан көре алады.
Мұндай проекциялық жолақтар бұған дейін Ақмола, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының республикалық маңыздағы тас жолдарына орнатылған. Өткен жылы «Қазақавтожол» ЖШС Атырау филиалы 420 дана жаңа жол белгісін А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағыты» және А-28 «Атырау-Орал» тас жолы мен А-33 «Доссор-Құлсары-Ақтау» жолына орнатқан. Сондай-ақ 3010 шақырым жол таңбасы сызылып, 20 дана шақырымдық белгілер, 1000 дана катафот, 20 дана ақпараттық тақтайша орнатылып, зақым келген 304 метр қисық иінді қоршау ауыстырылған.
Естеріңізге сала кетейік, жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» 1968 жылы қабылданған Вена конвенциясы мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі талаптарына сәйкес жасалады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:26
Вчера
14:17
Вчера
Объявления
11:55, Вчера
11:55, Вчера
53
live comments feed...