• Главная
  • Атырауда биыл көпсалалы екі спорт кешенінің құрылысы аяқталады
18:00, 20 января 2023 г.

Атырауда биыл көпсалалы екі спорт кешенінің құрылысы аяқталады

фото: Региональная служба коммуникаций Атырауской области.

фото: Региональная служба коммуникаций Атырауской области.

Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген  Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен Атырау қаласы «Химпоселек» және «Бірлік» шағын аудандарында көпсалалы спорт кешенің құрылысы басталды. 2023 жылыдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. 

-Аталған нысандарда «Бағалы Алакөл» ЖШС және «Сұңқар Құрылыс ЛТД» ЖШС-ның мердігерлігімен құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау үшін, биыл 2-маусымда рұқсат алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ұзақтығы 8 айды құрайды. Екі нысанның құрылысына 620 миллионнан астам қаражат бөлініп отыр,- деді Н.Құсайынов. 

Оның айтуынша, құрылыс көлемі 10926 шаршы метрді құрайды. Ғимарат әкімшілік, медициналық бөлігінен, жаттығу залынан, шашка және шахмет кабинеттерінен, сонымен қатар үстел теннисі залынан тұрады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #құрылыс
Объявления
live comments feed...