• Главная
  • Биыл Атырауда 43 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр
10:00, 20 января 2023 г.

Биыл Атырауда 43 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Ерлан Қабдинов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

-Қазіргі уақытта Атырау қаласында 27 тұрғын үй кешенін салу жоспарланып отыр. Бұл бағытта қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілген эскиздік жобасы бар. Сондай-ақ, өткен  жылы халық игілігіне 10 тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімдігінің қолдауымен және инвестордың күшімен «Нұрсая Плаза» тұрғын үй кешені де салынып, пайдалануға берілді,- деді Е.Қабдинов.

Оның сөзінше, былтыр облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу туралы яғни салынатын көп қабатты үйлер мен дүкендер, мектептер, тағы басқа әлеуметтік нысандар бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 815 хабарлама қабылдаған. 

Айта кетейік, өткен жылы жауапты сала мамандары құрылыс сапасы мен материалдарына жоспардан тыс 39 тексеріс жүргізіліп, ескертулер мен оларды жою мерзімдері көрсетілген 13 ұйғарым шығарған. Сондай-ақ тексеру нәтижесімен заңсыздықтар бойынша 45 млн айыппұл салынған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #құрылыс
Объявления
live comments feed...