13:00, 14 января 2023 г.
Атырауда «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтеді
Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Теңізшевройл» ЖШС арасындағы келісім-шартқа сәйкес корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында оқуын аяқтаған жұмыссыз азаматтар үшін, «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін өткізеді. Бұл туралы басқарма басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жәрмеңке 19-қаңтар күні сағат 10.00-де Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, Ел орда 24 мекенжайындағы «АПЕК Петротехникал жоғары колледжі» ғимаратында өтеді.
Жәрмеңке 11 мамандық бойынша өтеді. Олар құбыр монтаждаушы, металл конструкцияларын монтаждаушы, құбырларды дәнекерлеуші, металл конструкцияларын дәнекерлеуші, құрылыс ағаштарын монтаждаушы, электрмонтаждаушы, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика монтаждаушысы, жалпы құрылыс жұмыстары жөніндегі жұмысшы, бояушы, пескоструйщик, оқшаулаушы.
-Жоғарыда аталған 11 мамандық бойынша ТШО компаниясының қаржыландыруымен оқытылған түлектерді жәрмеңкеге шақырамыз. Олар оқу бағдарламасының 7 кезеңінен де өткен болуы тиіс,- деді А.Мәмбетов.
Айта кетейік, өткен жылы облыста 40-тан аса жәрмеңке өткізіліп, нәтижесінде 700-ден аса адам жұмысқа орналасқан.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:26
Вчера
14:17
Вчера
Объявления
11:55, Вчера
53
11:55, Вчера
live comments feed...