11:00, 8 января 2023 г.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Рождество мерекесімен құттықтауы
фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Құрметті Атырау облысының православтық тұрғындары!
Сіздерді – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекені атап өту дәстүрлі діндер өкілдерінің сабақтастығы мен мәдениетінің біздің қоғамда өркен жайып келе жатқандағының айғағы бола алады.
Сіздер басқа да конфессия өкілдерімен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алға қойған қоғамның асыл құндылықтарын сақтау, патриотизмді тәрбиелеу, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, азаматтық қоғам қалыптастыру ісіне үлес қосып келесіздер.
Бұл қызметтеріңіз үлкен құрметке әбден лайық.
Мұның бәрі сайып келгенде, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына елеулі әсерін тигізіп, ел азаматтарынының ертеңгі күнге деген сенімін арттырады.
Бұл жарқын мереке адамдар өміріне сүйіспеншілік пен үміт шұғыласын шашып, айналаңдағы адамдарға қамқор бола білуді үйретеді, ізгілік пен әділдікке баулиды.
Біз ынтымақ пен бірлік арқылы ғана мақсат тұтқан асуларымыздың асқарына көтеріліп, ортақ шаңырағымыз - Қазақстан Республикасындағы сүттей ұйыған тату-тәтті тірлікті келер ұрпаққа мирас қыла аламыз.
Сүйікті Отанымызға, халқымызға деген шексіз махаббат арта түсіп, лайымда әркез бәрімізді біріктірсін.
Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас бақ-береке тілеймін!
Ойға алған армандарыңыз орындалсын!
Мереке құтты болсын!
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:26
Вчера
14:17
Вчера
Объявления
11:55, Вчера
11:55, Вчера
53
live comments feed...