• Главная
  • Атырауда алғашқы рет ұстаздар арасында І облыстық спартакиада басталды
14:00, 7 января 2023 г.

Атырауда алғашқы рет ұстаздар арасында І облыстық спартакиада басталды

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін Абай орталығында «Каникулдық мектеп» жобасы аясында Білім беру бөлімдері мамандары және білім беру мекемелері басшылары арасында І облыстық спартакиада басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған сайыста 10 команда бақ сынауда. Іс-шара 6 спорт түрінен өтуде яғни воллейбол, армрестлинг, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және садақ ату. 

Жарыстың негізгі мақсаты - білім саласы қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып, денсаулығын нығайту, бұқаралық спортты дамыту. Сондай-ақ, кәсіби қажудың алдын алу, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ойын арқылы ұжымдық достықты дәріптеу, ынтымақтастықты нығайту. 

- Бұл спартакиадаға барлық аудандық және қалалық білім бөлімі құрамалары қатысуда. Сондай-ақ, облыстық білім беру мекемелері құрамалары және Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы және Педагогикалық шеберлік орталығы мамандарынан жасақталған құрама командалары өз өнерлерін көрсетуде. Қатысушалрдың жалпы саны 150-ге жуық. Жарыс жақсы деңгейде өтіп жатыр,- деді облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының директоры Данагүл Баймашева. 

Айта кетейік, аталған іс-шара қаңтар айының 6-7 күндері Абай атындағы оқушылар шығармашылығы орталығы базасында өтуде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #спартакиада
Объявления
live comments feed...