• Главная
  • Жалғансайда шағын футбол алаңы ашылды
12:00, 5 января 2023 г.

Жалғансайда шағын футбол алаңы ашылды

фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Махамбет ауданы Жалғансай ауылында шағын футбол алаңы халық игілігіне берілді. Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Футбол алаңы ауыл әкімінің қолдауымен, «Байшуақ–Үміт» ЖШС директоры Роза Жаулиеваның демеушілігімен салынып отыр. 

Алаңның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев жалғансайлықтарды спорт алаңының ашылуымен құттықтап, кәсіпкерге ризашылығын жеткізді.  

Ал әуесқой футболшы Әзілхан Құралбай аталған спорт нысаны жас футболшылар үшін үлкен сый екенін жеткізді.

- Осы уақытқа дейін қалаға қатынап, арнайы залды жалға алып, футбол ойнайтынбыз. Енді ауыл жастары болып өз ауылымызда доп тебуге мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Осы алаңды салып берген жеке кәсіпкер Роза Тұрсынғалиқызына және ауыл әкімі Ғибрат Ғалымжанұлына алғыс білдіреміз. Ауыл балаларының арасынан мықты спортшылар шыға берсін деген тілегім бар,- деді Ә.Құралбай.

Айта кетейік, бұл өткен жылы аудан бойынша пайдалануға берілген үшінші спорт алаңы. Ал биыл осындай 5 спорт алаңы салынбақ.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #футбол алаңы
Объявления
live comments feed...