
16:00, 28 декабря 2022 г.
Атырауда келер жылы 9 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев облыстың әлеуметтік-экономиалық дамуының қорытындысы туралы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл денсаулық сақтау саласы бойынша 9 нысанға құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның үшеуі демеушілік қаражатынан, алтауы жергілікті бюджет есебінен салынбақ. Бұл құрылыс нысандары 2023 жылы пайдалануға беріледі.
-Келер жылы Атырау қаласынан жоғары технологиялы медициналық техникамен жарақтандырылған онкологиялық диспансер жанынан радиологиялық корпус және онкологиялық диспансер салу жоспарланып отыр. Мақсат - облыс халқына уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету. Нысан НКОК компаниясы қаражаты есебінен салынады. Сондай-ақ Атырау қаласынан 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылысын бастау жоспарланып отыр,-деді Қ. Нұртаев.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
14:23
Вчера
Объявления
08:18, 10 сентября
10:13, 8 сентября
12
12:03, 12 сентября
12:02, 12 сентября