• Главная
  • Атырауда 1 600 орындық 7 мәдениет үйінің құрылысы жүзеге асырылуда
12:00, 28 декабря 2022 г.

Атырауда 1 600 орындық 7 мәдениет үйінің құрылысы жүзеге асырылуда

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Биыл өңірімізде 1 600 орындық 7 мәдениет  үйінің құрылысы жүзеге асырылуда. Олар Құрманғазы ауданы Азғыр ауылындағы 100 орындық, Хиуаз, Котяевка ауылдарындағы 300 орындық, Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылындағы 300 орындық мәдениет үйлерінің, сонымен қатар Жылыой ауданы Тұрғызба, Шоқпартоғай, Майкөмген ауылдарынан 200 орындық мәдениет үйлері. 

-Осы жылы Махамбет ауданы Сарайшық ауылында сапар орталығының құрылысы аяқталуда. Келер  жылы жергілікті бюджет есебінен Құрманғазы ауданы Бірлік және Көптоғай ауылдық округіне 300 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысын салу жоспарланды,-деді Қ.Нұртаев. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Мәдениет үйі
Объявления
live comments feed...