
14:00, 23 декабря 2022 г.
Атырауда дене шынықтыру және спорт басқармасының кубогі өтті

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Нұрсая спорт кешенінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептері арасында олимпиадалық спорт түрлерінен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кубогі өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Дүбірлі додада облыс бойынша 7 аудан және қаламыздың 5 спорт мектебінің спортшылары бақ сынады. Бұл сайыстың басты мақсаты - ең алдымен салауатты өмір салтын насихаттау, балалар арасындағы өзара ынтымақты арттыру және облыста олимпиадалық спорт түрлерін дамыту.
- Бүгінгі жарысқа барлық ауданның спорт мектертері мен қаламыздың 5 спорт мектебінің 300-ден астам спортшысы қатысуда. Сайыс өте тартысты өтті. Барлық спортшылар өз дәрежелеріне сай өнер көрсетті,- деді Олимпиадалық жоғары спорт мектебінің директоры Рүстем Кисметов.
Жарыстың нәтижесі бойынша 1 орынға №1 мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, 2 орынға №2 мамандырылған балалар жасөспірімдер мектебі, 3 орынға №3 мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі ие болды.
Айта кетейік, аталған кубок өңірде осымен бесінші рет өткізіліп жатыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:07
25 сентября г.
16:23
25 сентября г.
10:48
24 сентября г.
10:24
23 сентября г.
13:13
22 сентября г.
12:39
22 сентября г.
12:27
21 сентября г.
Объявления
11:32, 10 сентября г.
11:29, 18 сентября г.
15
10:20, Сегодня
12
09:50, 1 августа г.
11:29, 18 сентября г.
53