
14:00, 21 декабря 2022 г.
Бүгін Атыраудағы мерекелік шыршалардың шамдары жағылады

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырауда жаңа жыл қарсаңында бірнеше мерекелік іс-шаралар өтеді. Бүгін 20 желтоқсан күні сағат 18:00-де қаланың мөлтек аудандарында орналасқан мерекелік шыршалардың шамы жағылмақ.
-Тұрғындарға, кішкентай бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қала аумағында әр түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді. Атап айтсам, бүгін қаладағы барлық шыршалар мен безендірулердің шамдары жағылады. Сондай-ақ желтоқсан айының 24, 25, 31 және 1-қаңтар күні Сарайшық коммуналдық базарында ауыл шаруашылық өнімдерін сататын жәрмеңке ұйымдастырылады. 24-29 желтоқсан аралығында М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында кішкентай бүлдіршіндерімізге арналған ертеңгіліктер өтеді. Сонымен қатар дәл осындай ертеңгіліктер желтоқсан айының 26-30 аралығында Атырау қаласына қарасты 7 ауылдық округтердегі мәдениет үйлерінде де өтетінін хабарлаймын. Жаңа жылдың, яғни 2023 жылдың 2-5 қаңтар аралығында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында баларға арналған ертеңгілік өз жалғасын табады, - деді Н.Ермұханов.
Сондай-ақ қала әкімі орынбасарының айтуынша, 31-желтоқсан күні С.Бейбарыс алаңында қала халқы мен қонақтары үшін Атырау қаласының өнерлі жастарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Іс-шара соңы мерекелік от шашумен аяқталмақ.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:00
Вчера
15:25
Вчера
12:07
27 марта
Объявления
15:56, 21 марта
15
10:37, 23 марта
12
15:09, 16 марта
12:27, 15 марта