• Главная
  • Атырауда жасөспірімдер арасында жүзуден және су добынан қалалық ашық біріншілік өтті
14:00, 20 декабря 2022 г.

Атырауда жасөспірімдер арасында жүзуден және су добынан қалалық ашық біріншілік өтті

Атырауда жасөспірімдер арасында жүзуден және су добынан қалалық ашық біріншілік өтті

Атырауда Тәуелсіздік күніне орай 16-18 желтоқсан аралығында орталық жүзу бассейнінде жасөспірімдер арасында жүзуден және су добынан қалалық ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Екі күнге созылған аталған жарысқа жүзуден 250, су добынан 100 спортшы қатысты. Оның ішінде Жаңаөзен қаласынан 15 спортшы бақ сынады.

- Бүгінгі іс-шарамыз Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналып отыр. Жүзуден 2014 жылғы туған және ересектер, су добынан 2010-2012 жылғы туған жасөспірімдер қатысып жатыр. Негізгі мақсатамыз - жас балалалардың арасында салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру,- деді «Атырау су спорт түрлері клубы» ЖШС директорының орынбасары Ернұр Қойлиев. 

Айта кетейік, жыл сайын өңірде жастардың су спортына деген қызығушылығы артып келеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жүзу #жарыс
Объявления
live comments feed...