
10:00, 15 декабря 2022 г.
Атыраулық парадзюдошы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атыраулық Ерлан Өтепов халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
10-11 желтоқсан аралағында Жапонияда парадзюдодан «TOKYO OPEN» халықаралық турнирі өтті. «Кодокан спорт» кешенінде ұйымдастырылған жарысқа 100-ден астам спортшы қатысты.
- Бұл турнирдің қазақстандық парадзюдошылар үшін маңызы ерекше болғанын атап өткен жөн. Өйткені, мұндай халықаралық турнирде 2024 жылы Парижде өтетін паралимпиада ойындарына рейтинтік ұпай сарапқа түседі. Бұл жолы да солай болды. Ал рейтингтік ұпай турнир жеңімпазы мен жүлдегерлерінің деңгейін көтеру үшін аса қажет, деді парадзюдодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Наран Елшібаев.
Жарыстың нәтижесі бойынша J1 санаты бойынша 90 келі салмақ дарежесінде Ерлан Өтепов қарсыласын жеңіп, алтын медальге ие болды. Ал J2 санаты бойынша 60 келі салмақ дәрежесінде Ануар Сариев қола жүлде иеленді.
Айта кетейік, өңірімізден паралимпиада ойындарына алты дзюдошы жолдама алған болатын.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:07
2 октября
12:15
2 октября
17:58
1 октября
Встроенная мебель в Атырау: семь ошибок, из-за которых шпон трескается, а двери не закрываются
Новости компаний
12:11
30 сентября
09:15
30 сентября
Тимур Турлов пообещал выделять $1 млн в год на шахматы в школах
Новости компаний
17:45
29 сентября
17:55
28 сентября
15:16
28 сентября
Объявления
00:00, 1 октября
12:53, Вчера
15
10:20, 28 сентября
12
00:07, 1 октября