• Главная
  • Мұқырда жаңа көпфункционалды спорт алаңы ашылды
15:00, 11 декабря 2022 г.

Мұқырда жаңа көпфункционалды спорт алаңы ашылды

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында «Ембімұнайгаз» АҚ құрылғанына 100 жыл толуына орай мұнайшылар демеушілігімен  «Көпфункционалды спорт алаңы» салынып, пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мұқырда жаңа көпфункционалды спорт алаңы ашылды, фото-1, фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алаңның ашылу салтанатында аудан әкімі Қанат Әзмұханов қатысып, тұрғындарды құттықтады.

- Талай әлемдік додаларда елдің мерейін үстем етіп, көк байрағымыздың көкке көтерілуіне Мұқыр ауылының спортшылары да зор үлесін қосып  келе жатқаны баршаға аян. Осы ретте көпфункционалды спорт алаңының салынуы – бұқаралық спорттың дами түсуіне үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Барша тұрғындарды жаңа спорт алаңының ашылуымен құттықтаймын. Әрдайым салауатты өмір салтын қалыптастыратын сайыпқыран спортшылар көбейіп, елдің абыройы асқақтай беруіне тілектеспін, - Қ.Әзмұханов.  

Мұқырда жаңа көпфункционалды спорт алаңы ашылды, фото-2, фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Іс-шарада «Ембімұнайгаз» акионерлік қоғамы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев пен Мұқыр ауылының тұрғыны,  мұнай саласының ардагері Василий Есқалиев құттықтау тілектерін арнаса, әнші, сазгер Бақтыбай Досбосынов тамылжыта ән шырқады. 

Айта кетейік, аталған спорт алаңында шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдарымен және Workout, жүгіруге арналған жолақтармен, тұрғындардың демалуына арналған орындықтармен қамтылған. Алдағы уақытта жасыл желектер отырғызылып, спорт алаңының айналасы абаттандырылатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #спорт алаңы
Объявления
live comments feed...