Құрманғазыда жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд теңгені құрады

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Құрманғазы ауданында өнеркәсіп саласында осы жылдың 10 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 млрд 640 млн теңгені құраса, өткен жылдың есепті кезеңінде 12 млрд 114 млн теңгені құраған.
-Аудан экономикасының дамуының негізгі саласы - ауыл шаруашылығы болып табылады. Биыл 10 айда өндірілген жалпы өнім көлемі 20 млрд 688 млн теңгені құрап, жоспар 100,6 %-ға орындалды. Ал былтыр есепті кезеңде – 18 млрд 304 млн теңгені құраған болатын. Көрсетілген мерзімдегі мал шаруашылығы бойынша өнім көлемі 12 млрд 209 млн теңгені құрап, жоспар 100,9 %-ға орындалып отыр,- деді М.Мурзиев.
Сондай-ақ аудан әкімі Құрманғазыда өткен жылмен салыстырғанда төрт түлік мал басында да өсім бар екенін жеткізді.