• Главная
  • Биыл Жылыойда 1600-ге жуық адам жұмыспен қамтылды
12:00, 9 декабря 2022 г.

Биыл Жылыойда 1600-ге жуық адам жұмыспен қамтылды

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөнінде «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша 10 ай қорытындысына сәйкес жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 4177 жұмыссыз тіркеліп, 1574-і жұмыспен қамтылған. 

- Оның 942-і тұрақты, 632-і уақытша жұмыспен қамтылды. Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орнына 51 адам, жастар тәжірибесіне 176 түлек, ақылы қоғамдық жұмысқа 364, алғашқы жұмыс орнына 35, ұрпақтар келісім шарты бойынша 6 адам жолданды.

Сонымен қатар, Теңіз кенішіндегі Келешек кеңею жобасының үшінші буын зауытының құрылыс жұмыстары азаюына байланысты 793 адам жұмыстан босатылған. Оның ішінен жұмыс іздеп хабарласқандар саны 439. Хабарласқандардың 292-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, қалған 147 жұмыссызға бос жұмыс орындарына түскен сұраныстарға түйіндемелері ұсынылып, жұмыспен қамту шарасы алынуда,- деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, 439 жұмыстан босатылған қызметкерге мезгілінде кәсібінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жұмысқа орналастыру
Объявления
live comments feed...