• Главная
  • Жылыой ауданында биыл 81 жоба мақұлданды
10:00, 9 декабря 2022 г.

Жылыой ауданында биыл 81 жоба мақұлданды

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов «Жылыой ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы» туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Аудан бойынша 6980 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген болса, оның ішінде заңды тұлғалар 819, жеке кәсіпкерлер 5, шаруа қожалықтар 385. Ал жалпы жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 6468. 

Жылыой ауданында биыл 81 жоба мақұлданды, фото-1, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылдың 1-қазанға несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін 2 миллиард 611 миллион теңге құрайтын 81 жоба мақұлданды. Ал 27 кәсіпкердің несиелерінің пайыздық ставкасына кепілдендіру берілді,- деді Ж.Қаражанов.

Оның айтуы бойынша жыл басынан бері Аграрлық несие корпорациясы арқылы ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мақсатында шаруа қожалықтарына 8 техникаға несие берілген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #бизнес
Объявления
live comments feed...