• Главная
  • Атыраулық таеквондошылар әлем чемпионатынан 3 медаль жеңіп алды
14:00, 8 декабря 2022 г.

Атыраулық таеквондошылар әлем чемпионатынан 3 медаль жеңіп алды

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атыраулық таевкондошылар әлем чемпионатынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

 Иран астанасы Тегеран қаласында 23-29 қараша аралығында таеквондодан әскерилер арасында CISM әлем чемпионаты өтті. 

Атыраулық таеквондошылар әлем чемпионатынан 3 медаль жеңіп алды , фото-1, фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дүбірлі додаға әлемнің 20-дан астам елінен 300 спортшы, ҚР қарулы күштер командасының атынан 11 спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 3 спортшы қыздарымыз өнер көрсетті. Сәуле Сардарова бастаған Атырау облысының қыздар командасы, яғни 57 келіде Мария Севостьянова алтын, 49 келіде Нұрай Бауыржанова күміс және 73 келіде Жансель Дениз қола жүлдеге ие болды. 

Атыраулық таеквондошылар әлем чемпионатынан 3 медаль жеңіп алды , фото-2, фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

-  Атырау облысынан 3 спортшы қатысты. Осы чемпионатқа екі ай дайындалдық, бірнеше мәрте оқу-жаттығу жиындары өтті. Бұған дейін халықаралық жарыстарға да қатыстық. Шәкірттерім үшін қуаныштымын. Осындай үлкен аренада ел абыройын асқақтатса – бұл мен үшін үлкен бақыт деді, аға жаттықтырушы Сәуле Сардарова.  

 Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау облысының спорт мектептерінде 1031 спортшы таеквондомен айналысады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #таэквондо
Объявления
live comments feed...