• Главная
  • Атыраулық оқушылар жылжымалы көрмеден ежелгі жәдігерлерді тамашалады
16:00, 7 декабря 2022 г.

Атыраулық оқушылар жылжымалы көрмеден ежелгі жәдігерлерді тамашалады

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникация қызметі

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникация қызметі

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты палеонтология бөлімшесі Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектебінің оқушыларына «Ежелгі жәдігерлер сыр шертеді» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды, деп хабарлацды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көшпелі көрме барысында оқушыларға палеонтология ғылымының дамуы, жердің даму тарихы, жер бетінде алғаш тіршіліктің пайда болу кезеңдері, жер ғаламшарының даму кезеңіндегі алғашқы фауна мен флораның қалыптасуы жөнінде кеңірек мағлұматтар берілді. Сондай-ақ оқушылар Ақтолағай, Ақкерегешың бор тауларынан  табылған ежелгі теңіз жануарларының тасқа айналған қазба қалдықтарын көріп тамашалады.  

Атыраулық оқушылар жылжымалы көрмеден ежелгі жәдігерлерді тамашалады, фото-1, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникация қызметі

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникация қызметі

-Біздің мақсат – оқушыларға мезозой эрасында тіршілік еткен жануарлар әлеміне саяхат жасау, олардың тіршілік ету ерекшеліктері жөнінде мағлұматтар беру, теңізде тіршілік еткен жануарлар әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру. Жылжымалы көрме жылына екі рет ұйымдастырылып, жоспар бойынша мектептерге барамыз. Бүгін Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектептегі апталыққа орай келіп отырмыз. Қазір көрмені тамашалауға 100 оқушы келді, бұл балалардың ежелгі тарихқа деген қызығушылығы бар екенін білдіреді,- деді тарихи өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Эльмира Мұхамбетқалиева. 

Атыраулық оқушылар жылжымалы көрмеден ежелгі жәдігерлерді тамашалады, фото-2, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникация қызметі

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникация қызметі

Сонымен қатар оқушыларға өлкеміздің қайталанбас табиғи ландшафтары, аппақ таулы бор қыраттары табиғаттың керемет туындысы жөнінде қызықты мәліметтер айтылып, түрлі-түсті фотосуреттері көрсетілді. Көрмеге сегіз сәулелі маржандар, басаяқты ұлулар, аммониттер, сондай-ақ теңіз кірпілері, плезиозаврдың омыртқалары мен сүйектері, ежелгі акуланың, скаттардың тістері, тағы басқа 80-нен астам жәдігер қойылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #палеонтология
Объявления
live comments feed...