Исатай ауданында ауру көрсеткіші біраз төмендеген

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ауданда тұрғындардың аурушаңдығы 3,8 пайызға төмендесе, туберкулезбен алғашқы аурушылық көрсеткіші 9,1 пайызға азайған. Ал, ауданның денсаулық сақтау мекемелері 3 жоғары білімді дәрігермен толықтырылған.
-Ауыл тұрғындарына және медицина саласының қызметкерлеріне жағдай жасау мақсатында Қамысқала, Тұщықұдық ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларына және Зинеден ауылындағы фельшерлік пунктке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы бөлінді. Осы тұрғыда Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Ал Қамысқала және Зинеден ауылдарындағы медициналық ұйымдарға жөндеу жұмыстары жалғасуда,- деді аудан әкімі.
Айта кетейік, осы жылдың 10 айында аудан бойынша 438 сәби өмірге келген.