• Главная
  • Серік Шәпкенов: Мемлекеттің қаражатын жымқырған мердігерлер заң алдында жауап беруі тиіс.
18:00, 5 декабря 2022 г.

Серік Шәпкенов: Мемлекеттің қаражатын жымқырған мердігерлер заң алдында жауап беруі тиіс.

фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен Республикалық бюджет есебінен бөлінген қаржының игерілуі бойынша жиын өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде: 

– Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттың, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі», шағын қала, аумақтарды дамыту бағдарламалары бойынша қаржының игерілуі; 

– 2022 жылы облыс әкімінің қала және аудан тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелер; 

– Құрылыс материалдарының қымбаттауы және жобалық өзгерістерге орай жобалау-сметалық құжаттамаларға түзетулер енгізу мәселелері қаралды. 

Серік Шәпкенов: Мемлекеттің қаражатын жымқырған мердігерлер заң алдында жауап беруі тиіс. , фото-1, фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және қала, аудан әкімдері селекторлық режимде қатысты. 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айгүл Әжіғалиева баяндама жасады. Оның мәліметінше, 2022 жылдың 30 қыркүйегінде бюджетті нақтылау барысында республикалық бюджеттен трансферттердің жоспарын қараша айында жобаларға түзету енгізу және жұмыс көлемдерінің толық орындалмауына байланысты қаржы қысқартылды. Қысқартуға берілген қаржылардың көлемі 13 млрд 728 млн теңгені құрайды. 

– Сонымен қатар, 2022 жылдың қорытындысымен игерілмейтін республикалық бюджеттер бөлінген трансферттер бар. Олар Энергетика басқармасында Қызылқоға ауданының Тасқұдық, Соркөл, Сарықұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай елді мекендерінің газ құбыры желілерін салу 500 000 мың теңге; Махамбет ауданында Жайық өзені жағалауын нығайту жұмыстары 1 562 732 мың теңге, Атырау қаласында Талғайран ауылындағы тұрғын үйлердің инженерлік жүйелері бойынша 1 800 526 мың теңге; Индер ауданында тұрғын үйлердің инженерлік жүйелері бойынша 245 506 мың теңге,-деді А.Әжіғалиева. 

Серік Шәпкенов: Мемлекеттің қаражатын жымқырған мердігерлер заң алдында жауап беруі тиіс. , фото-2, фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ  «2025 жылға дейінгі өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлерде және моноқалаларда іс-шараларды жүзеге асыру» бюджеттік бағдарламасы аясында Атырау облысында 54 жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен барлығы 25,2 млрд теңге қаражат бөлінген. 

– Оның ішінде: «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы бойынша 42 жобаға – 12,02 млрд.теңге, моноқаланы дамыту бойынша 3 жобаға – 2,7 млрд.теңге , облыс орталықтарын дамыту бойынша 9 жобаға – 10,5 млрд.теңге  қаралды. 11 ай қорытындысымен есептік кезеңде жоспарланған қаражат көлемінің 77,8 %-ы игерілді. Жоспарланған кезеңде қаражаттардың толық көлемде игерілмеуінің негізгі себептері – жол құрылысы жобалары бойынша битум материалының тапшылығы, конкурстық рәсімдердің ұзаруы, мердігерлердің құрылыс жұмыстары жоспары кестесінен ауытқуы. Сонымен қатар облыс әкімінің қала,аудандарға жұмыс сапары аясында қаражат талап ететін 113 шара бекітіліп, оның 62-сі қолдау тапты,-деді А.Әжіғалиева. 

2022 жылы құрылыс материалдарының қымбаттауы және жобалық өзгерістерге орай жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізу қажеттілігіне байланысты 31 жоба мақұлданды. 

– Сонымен қатар, облыс деңгейінде келісім алынбай, Атырау қаласы және Жылыой ауданы бойынша 6 жобаның жобалау-сметалық құжаттамаларына түзету жұмыстары жүргізілуде, ал Жылыой ауданында осындай жұмыстар 11 жобаға жоспарлануда. Осы орайда айта кететін бір мәселе, құжаттамаларға жасалып жатқан түзетулер санының үздіксіз өсуі болып отыр. Қалалық, аудандық деңгейдегі тиісті бөлімдермен бұл бағыттағы жұмыстар облыс деңгейінде алдын ала келісім алынбай жалғаса беретін болса, бұл өз кезегінде басталып кеткен жобалардың аяқталмай қалуына әкелетінін ескеруіміз қажет,-деді А.Әжіғалиева.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов бюджеттік жоспарлаудағы кемшіліктерді, жобаларды орындаудағы тәртіптің төмен деңгейде екенін ашып айтты. Оған қоса құрылысы жүріп жатқан нысандардағы жұмысты ұйымдастыра алмаған басқарма басшылары мен аудан әкімдерін сынға алды. 

-  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту тапсырмасына сәйкес кешенді жоспар жасақталып қаражат бөлінді. Алайда жұмыстың жүргізілмеуі себепті бөлінген қаржыны кері қайтардық. Бұл – бізге сын.

Ешкімді қорқытып жұмыс істетпейміз, өздеріңіз жанашырлықпен жасауларыңыз керек. Егер мердігер мекеме келісілген графиктен тыс қалса, ешкімді аямаңыздар. Заң аясында келісімшартты бұзу керек. Мемлекеттің қаражатын жымқырған мердігерлер заң алдында жауап беруі тиіс. Бірде-бір мемлекеттік қызметші оларды арашалаушы болмасын. Сонымен қатар жобаларды түзетуге қатысты арнайы комиссия құрылсын. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жұмыс тобы болып, комиссия төрағасына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев сайланады. Сол жерде қай жобаның рұқсат беріліп, берілмейтіні нақтыланады. Осы комиссия арқылы аудан әкімдері түзетуге енетін нысандарды ұсынсын. Арнайы регламент бекітіп, 5 күннің ішінде нақтылап, екі айдың ішінде шешім қабылдауы қажет,-деді С.Шәпкенов.

Жиын соңында облыс әкімі 2023 жылы мемлекеттік қызметкерлерге берілген қызметтік көлікке арнайы GPS орнатып, бақылаушы орган бекітуді қаперге берді. Сондай-ақ 15 желтоқсанға дейін қаражаты  игерілмеген 72 нысанға талдау жасау үшін басқарма басшыларына нақты міндеттеме жүктеді. Сонымен қатар жыл қорытындысында қаржыны иегере алмай кемшіліктерге жол берген лауазымды тұлғаларға қатаң шара қолданылатынын ескертті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #бюджет
Объявления
live comments feed...