
16:00, 5 декабря 2022 г.
“Мас жүргізуші - қылмыскер”: атыраулық полицейлер 3 күн ішінде 7 мас жүргізушіні анықтады

сайттан иллюстрациялық фотосурет pixabay.com
Көлік құралын мас күйде тізгіндеген жүргізушілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және болдырмау мақсатында қала аумағында 2-4 желтоқсан күндері “Мас жүргізуші - қылмыскер” рейдтік іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
Іс-шара аясында Атырау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала аумағында масаң күйде автокөлік басқарған 7 жүргізушіні анықтап, медициналық сараптама тағайындалды.
Аталған факті бойынша мас күйде көлік басқарған 7 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы бойынша хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданып, автокөліктер арнаулы тұраққа қойылды.
Алкогольді ішімдік – адам өмірне, қоғамға зиян. Қазіргі заң бойынша ішімдік ішіп алып көлік тізгініне отырған адам қауіпті қылмыскер деп танылып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Сондай-ақ мұндай жүргізушілерге кем дегенде 5 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.
Осы ретте, атыраулық полицейлер мас күйде көлік құралын басқару өзіңізге және жақындарыңызға аса қауіпті екенін қатаң түрде ескертеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
14:35, 6 мая
12:51, 28 апреля
53
14:34, 6 мая
12:51, 28 апреля
15
live comments feed...