
18:00, 4 декабря 2022 г.
Атыраулық полицейлер мектеп оқушыларына жарық шағылыстырғыш бас киімдер таратты

иллюстративное фото с сайта pixabay.com
2 желтоқсан күні Атырау облысы полиция департаменті NCOC компаниясымен бірлесіп, республикалық маңызы бар тас жолдарда орналасқан орта білім беру мекемелерінде арнайы іс-шара өткізді, Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты облыс аумағындағы республикалық маңызы бар тас жолдарда орналасқан ауылдық елді-мекендердегі мектеп оқушыларының қауіпісіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта атыраулық полицейлер бастауыш сынып оқушыларына жарық шағылыстырғыш бас киімдер және оқушылар сөмкесі мен сыртқы киімге арналған арнайы жабыстырғыштар таратты.
- Балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстау - тәртіп сақшыларының міндеті. Сондықтан да өңіріміздегі NCOC компаниясымен бірлесіп жасөспірімдер қауіпсіздігі үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Жалпы талдауға сәйкес жасөспірімдермен орын алатын жол-көлік оқиғаларының көпшілігі ауылдық елді-мекендердегі жол бойында жарық шамдарының аз болуынан және көлік жүргізушілері мектеп оқушыларын қараңғыда байқамай қалып, оқыс оқиғалардың көптеп орын алуы болып отыр. Сол себепті осы жол-көлік оқиғалары соның ішінде, жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында бастауыш сынып оқушыларына жарық шағылыстырғыш бас киімдер және алыстан жақсы көрінетін жабыстырғыштар таратылып, оқушыларға жолда өте сақ болып, жол қауіпсіздігін қатаң сақтау ескертілді,-дейді Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының жол қауіпсіздігін қадағалау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Аманжол Жұмалиев.
Мектеп оқушыларының қауіпісіздігін қамтамасыз етіп, арнайы іс-шара ұйымдастырып жатқан Атырау облысы ПД қызметкерлері және NCOC компаниясына мектеп әкімшілігі дән риза.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:04
Вчера
10:15
Вчера
Объявления
14:37, 23 июня
15
18:18, 15 июня
11:44, 30 июня
12
14:37, 23 июня
53
live comments feed...